Колледж тарихы

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі – облыстағы арнаулы кәсіптік білім беретін ірі оқу орындарының бірі. Колледждің негізі 1920 жылы қазанның бірі күні Шымкент қаласында Педагогикалық техникум болып құрылудан басталған. Бұл туралы мәлімет Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан (ф.34, оп.1, д. 1012, л.99.) алынды.

Оның алғашқы директоры Сегізбай Айзұнов болған.

1920-1926 жылдары техникумның Жарменов Ильяс, Суханов Митрофан Варфоломеевич, Халменов Дада Мухамед, Аксаков Сергей Михайлович, Отарбаев Тәңірберген, Тризна Вадим Борисович, Чураев Шариф Сахаутдинович, Бекташев Ибрагим Якубович, Федорова Лидия Гавриловна, Посейпал Антон Антонович, Иманаев Шариф, Садықбеков Сұлтанбек сияқты әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын педагогикалық ұжымы болды.

Толығырақ

Колледж көрсеткіші

28 жыл
Білім беру саласында
60 +
Мұғалімдер
247
2017 түлектері

БІЛІМ БЕРУ КЛАСТЕРІ

2016 жылдың мамыр айында колледждің базасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Алматы білім басқармасы, Алматы қаласының базалық мектепке дейінгі мекемелері және жалпы білім беру мектептері бірлескен білім беру кластері жұмыс істей бастады.

Білім беру кластері шеңберіндегі іс-шаралар кәсіби педагогикалық мәселелердің барынша тиімді шешілуіне, сондай-ақ білікті оқытушылар құрамын оқытуға барынша қол жеткізуге мүмкіндік береді. Білім беру кластерінің негізінде «Құзыреттілік орталығы» жұмыс істейді.

Толығырақ

Әлеуметтік серіктестері

Колледждің әлеуметтік серіктестері – мектепке дейінгі білім беру мекемелері,жалпы білім беретін мектептер (орта мектеп), орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелері, мектеп-интернаттар, қоғамдық ұйымдар және т.б.

Ынтымақтастықтың икемді нысаны ретінде әлеуметтік әріптестік тәжірибенің барлық түрлерін, бірлескен ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға, ақпарат алмасу деңгейін және сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Толығырақ